Бастауыш сыныптағы аралық бақылау: тиімді ұйымдастыру және бағалау критерийлері

21.10.2026

 

Оқыту семинары өтті 

2026 жылдың 21 қазанында мектеп-лицей базасында облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен "Бастауыш сыныптағы аралық бақылау: тиімді ұйымдастыру және бағалау критерийлері" тақырыбында Ерейментау ауданының бастауыш сынып мұғалімдері мен оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – бастауыш сыныптарда аралық бақылау жұмыстарын сапалы ұйымдастыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін шынайы бағалау және білім олқылықтарын жою жолдарын айқындау.
Семинар барысында Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы директорының орынбасары Таласпаева Гульнара Маликовна., әдістемелік орталықтың орта білім беруді үйлестіру және дамыту бөлімінің жетекшісі Каримова Динара Мурзабулатовна., орта білім беруді үйлестіру және дамыту бөлімінің әдіскері Темирбекова Айгуль Жаслановна  аралық бақылаудың түрлері, оны өткізу тәртібі және бағалау критерийлері бойынша тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік ұсыныстар берді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап алды.

Просмотров: 216


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу